Саясат

Сәбитов: Жол картасынан Бішкек Астанаға қарағанда көбірек пайда көреді

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы Жақсылық Сәбитов
ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы Жақсылық Сәбитов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сарапшы жалпы бұл Қазақстанға да, Қырғызстанға да пайда әкелетін техникалық құжат екенін атап өтті

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы Жақсылық Сәбитов Қазақстан мен Қырғызстан арасында жол картасының қабылдануына қатысты түсініктеме берді.   

Шлагбаум перед грузовым автомобилем, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Саясат
Жол картасы қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуалға қалай әсер етті?
"Қырғызстан Жол картасын қабылдаудан көп жағдайда тіпті Қазақстанға қарағанда көбірек пайда көреді. Қырғызстан экономикасы құрылымдық жағынан Қазақстанның 90-жалдардағы экономикасына ұқсайды. Қырғызстанда әр түрлі бағалаулар бойынша 20-дан 50%-ға дейін көлеңкелі экономика жұмыс істеп тұр. Жол картасын қабылдау экономиканың көптеген көлеңкелі секторын жарыққа шығаруға мүмкіндік туғызып, мемлекеттің салық базасын кеңейтеді", — деді Сәбитов Астанадағы баспасөз конференциясында.   

Айта кетейік, 2 желтоқсан күні Астана мен Бішкек Екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша жол картасына қол қойды.

Сәбитов жол картасының жүзеге асуы ЕАЭО мен Қырғызстан қазынасына түсетін салық түсімдерін молайтатынын атап өтті.

"Экономиканың көлеңкелі секторы жарыққа шықса, онда тиісінше Қырғызстанның ЖІӨ-сі өседі. Түрлі бағалауға сүйенсек, жол картасы Қырғызстан экономикасының бірнеше пайыздан он пайызға дейін өсуіне мүмкіндік береді. Бұл, әрине, жол картасының қалай жүзеге асырылатынына байланысты. Қазақстан мен Қырғызстан халықтары шекарадағы кейбір процесті реттеуден көп пайда көреді. Сондай-ақ, ЕАЭО мен Қырғызстанның қазынасына түсетін салық түсімдері көбейеді. Сондықтан жол картасының қабылдануы экономикалық сипатқа ие екенін айта кеткен жөн. Жалпы бұл Қазақстанға да, Қырғызстан халқына да пайда әкелетін техникалық құжат", — деді сарапшы.


Жаңалықтар
0