Саясат

Жол картасы қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуалға қалай әсер етті?

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуШлагбаум перед грузовым автомобилем, архивное фото
Шлагбаум перед грузовым автомобилем, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құжат қабылданғалы бері қазақ-қырғыз шекарасында ұзын-сонар кептеліс азайған

АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik.  ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі, саясаттанушы Алуа Жолдыбалина Астана мен Бішкек арасында бекітілген жол картасы қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуалға қалай әсер етіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"3 желтоқсан түнгі 00.00-ден бастап қазақ-қырғыз шекарасы қалыпты бақылау режиміне көшті. Қазақстан мен Қырғызстан арасында жол картасы  бекітілгеннен кейін, күшейтілген режим алынып тасталды. Жол картасы қырғыз тарапының барлық норма, талаптар бойынша жауапкершілікті өз мойнына алып отырғанын білдіреді. Қалыпты режим шекараны енді тексермейміз деген сөз емес, біз тексереміз. Бірақ күшейтілген режимде әр көлік тексерілетін, бұл өте көп уақытты алатын еді. Ал қалыптыда олай емес. Бәлкім екі-үш көлік тексеріліп, оны бақылаусыз өтетін шығар", — деді сарапшы. 

Бақытжан Сағынтаев пен Сапар Исаков - Sputnik Қазақстан
Фото
Қазақстан және Қырғызстан үкімет басшыларының кездесуі қалай өтті?
Жолдыбалина жол картасы жүзеге асырыла бастағалы бері қазақ-қырғыз шекарасында ұзын-сонар кептеліс азайғанын жеткізді. 

"Бірнеше күн бұрын қазақ-қырғыз шекарасында 500 жүк көлігі тұрып қалса, кейін олардың саны екі жүзге қысқарды. Ал бүгін таңертеңгі ақпаратқа сүйенсек, жүк көліктерінің саны 55-ке дейін азайған. Яғни, бұл жол картасының жүзеге асырылып жатқанын білдіреді. Бұған дейін қазақ-қырғыз шекарасында сағатына 30 көлікке дейін өтсе, кептеліс проблемасы басталған уақытта 6-7 көліктен аспаған. Алайда қазір жағдай қалпына келді, шекарадан өткен көліктер саны 20-ға жетті. Яғни шекарадағы мәселе шешіліп жатыр", — деді саясаттанушы. 

Естеріңізге салып өтсек, Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы проблемалар 10 қазанда басталды. Бақылау-өткізу пунктінде адамдар жиналып, жүк көліктері кезекке тұрды. Қазақстан тарапы бақылау ЕАЭО заңнамасына сәйкес "сұр" импорт көлемін қысқарту мақсатында күшейтілгенін мәлімдеген еді.


Жаңалықтар
0