Өңірлер

5 миллион теңгені жұмсап жіберген кассир қыздың өтірігі әшкере болды

© AFP 2024Қолына кісен салынған әйел. Архивтегі фото
Қолына кісен салынған әйел. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазпочта" кассирі бірнеше миллион теңгенің орнын жабу үшін полицейлерге өзін тонап кеткенін хабарлаған

АСТАНА, 4 желтоқсан — Sputnik. Полицейлер Алматы облысында "Қазпочта" бөлімшелерінің бірінде жұмыс істеген кассирдің өтірігін әшекереледі, деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз қызметі.  

Альфа-банк бөлімшесі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыдағы банкті тонау: кассирдің ондаған миллион теңгесі қолды болды
"Қазпочта" бөлімшелерінің бірі тоналғаны туралы хабарлама Еңбекшіқазақ ауданының ІІБ кезекшілік бөліміне 23 тамыз күні түсті. Арызда белгісіз біреу кассир қызға шабуылдап, 782 мың теңгені алып кеткені айтылған. 

Полицейлер барлық куәгерден жауап алып, зардап шегушіні медициналық тексерістен өткізді, сондай-ақ кассаға ревизия жүргізуге бастамашылық жасаған. Тергеу барысында зардап шеккен кассирдің түсініктемелерінде қарама-қайшылық бар екені анықталды.     

"Ревизия кезінде бес миллион теңгеге жуық қаржы жетіспейтіні анықталды. Кассир көп ұзамай кассадағы кем ақшаның орнын толтыру мақсатында тонау оқиғасын өзі ұйымдастырғанын мойындады", − деп аталып өткен ІІД-нің баспасөз релизінде. 

Қыз енді жалған шағым түсіргені және қаржыны ысырап еткені үшін сот алдында жауап береді.      


Жаңалықтар
0