Оқиға

Алматыдағы банкті тонау: кассирдің ондаған миллион теңгесі қолды болды

© Sputnik / Данияр ДауталиевАльфа-банк бөлімшесі
Альфа-банк бөлімшесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер тонау дерегі туралы ақпаратқа пікір білдірді

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Бүгін Алматыда жеке ұйымдардың бірнеше кеңсесі мен "Альфа-банктің" бөлімшесі орналасқан "Арай" тұрғын кешені тоналды. 

Офистердің бірінің күзетшісінен алынған, алдын ала деректерге сәйкес, тонау дерегі банкпен байланысты екен. 

Алматы Ішкі істер департаментінде Sputnik Қазақстанға оқиғаның мән-жайын нақтыламай жағдайға қатысты пікір білдірді. 

"Тонау дерегі бойынша Бостандық ауданының ІІБ тергеу жүргізуде. Жедел тергеу тобы құрылып, оның құрамына аудандық бөлімше мен криминалдық полицияның із кесушілері кірді. Нақтыланбаған ақпарат көп", — деді ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Ресми түрде полицейлер бүгін қандай мекеменің тоналғанын нақтыламады. 

Алайда полиция ведомствосындағы конфеденциалды дереккөзінен Sputnik Қазақстан "Альфа банк" ғимараты мен паркинг арасындағы бөлмеде банк кассирінің тоналғанын білді. Бейтаныс адам тапаншамен қорқытып, жәбірленушіден 65 миллион теңге алып кеткен. Өзге ақпарат нақтыланбайды. 


Жаңалықтар
0