Экономика

Сағынтаев АХҚО ашылуы туралы: біздің қателесуге құқығымыз жоқ

© AP Photo / Rick BowmerМонеты
Монеты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Астана" ХҚО-ның ресми халықаралық ашылу салтанаты 2018 жылдың шілдесіне жоспарланған

АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Бүгін үкімет отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев "Астана" халықаралық қаржы орталығы бойынша барлық нюансты осы айда аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қаржы - Sputnik Қазақстан
Экономика
"Астана" ХҚО 2018 жылдың шілдесінде ресми түрде ашылмақ

"Ұлттық банктің қатысуымен қосымша талқыладық, бірқатар шешілмеген мәселе бар. Тиісті тапсырма берілді. Жалпы үлкен дүние күтіп отырмыз. Орталықты дұрыс, сәтті іске қосуымыз қажет. Бұл мемлекет басшысының жеке бақылауында. Біз бүкіл әлемге орталық ашылатынын айтып, оларды белсенді қатысуға шақырып жатырмыз. Ірі әлемдік қор биржаларымен тиісті келісімге қол қойдық. Бүгінде олар осында. Ертең олармен бірге кездесіп, жұмыс істеп, ынтымақтастық орната бастаймыз", — деді премьер. 

Осы тұста Сағынтаев "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Келімбетовке жүгініп, "біздің қателесуге құқығымыз жоқ" екенін айтты.

"Қайрат Нематұлы, бұл сіз үшін ғана емес, бәріміз үшін де сын-қатер. Бес институционалды реформа аясындағы үлкен жоба. Сондықтан біздің қателесуге құқығымыз жоқ. 1 қаңтарда Ұлы далада тағы бір қаржы орталығы ашылғанын бүкіл әлемге жария ету үшін барлық нюансты желтоқсан айында аяқтау қажет", — деді Сағынтаев.

Жаңалықтар
0