АСТАНА, 3 қараша — Sputnik. Танымал қазақстандық журналист Геннадий Бендицкий жексенбі күні Минск аурухаансында көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Қазақстан сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.
"Геннадий Бендицкийдің туыстары Қазақстанның Беларустегі елшілігіне жүгініп, ол ұзаққа созылған науқастан Минск тоғызыншы қалалық клиникалық ауруханасында бүгін таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 6:30-да көз жұмғанын хабарлаған", — деп хабарлады Жайнақов.
Оның айтуынша, қазіргі таңда елшілік консулы журналистің отбасына құжаттарды рәсімдеу және өзге де процедуралар бойынша барлықты қажетті көмекті көрсетіп жатыр.
Бендицкий 47 жасында көз жұмды. Журналистің артында әйелі мен екі баласы қалды.
Марқұмның отбасына ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев көңіл айтты.