АСТАНА, 3 желтоқсан — Sputnik. Журналист Геннадий Бендицкий ұзаққа созылған сырқаттан көз жұмды. Қайғылы хабарды журналистің достары мен әріптестері растады.
Геннадий Бендицкий ұзақ уақыт бойы КТК арнасында бірқатар ақпараттық-сараптамалық бағдарламаның шығарушы редакторы болды, "Время" газетінде жұмыс істеген жылдары көпшілікке танылды. Соңғы уақытта ол Ratel.kz ақпараттық ресурсында жұмыс істеді.
Журналистің қазасы оның туған күнімен сәйкес келді. Бендицкийдің Facebook-тегі парақшасында оны әріптестері мен таныстары құттықтап жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, Бендицкий бауыр циррозынан зардап шеккен.