Қоғам

Еліміздің басым аумағында көктайғақ болып, жел күшейеді

© Sputnik / Болат ШайхиновҚар жинайтын техника
Қар жинайтын техника - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер жексенбіде ауа райы жауын-шашынды болады деп болжап отыр

АСТАНА, 3 желтоқсан  — Sputnik. Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің  оңтүстігінде, оңтүстік шығысында, шығысы және орталығының кей жерлерінде ауа райы жауын-шашынды, көктайғақ болады, жел күшейеді. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Аязды күні серуендеп жүрген баланың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Вице-министр: синоптиктер қыс қатты суық болады деп болжам жасап отыр
Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Жалаңашкөл аумағында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді. 

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанып отыр. 

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстараның кей жерлерінде тұман сақталды.

 

Жаңалықтар
0