АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. Көкшетауда жоғалып кеткен алпыс сегіз жастағы қарттың үсіп қалған денесі тоғай арасынан табылды, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Ер адамның жоғалып кеткені туралы хабар Көкшетау қаласы ішкі істер басқармасына 22 қарашада түскен. Жергілікті тұрғынның хабарлауынша, 1949 жылы туған әкесі үйден шығып кетіп, қайта оралмапты.
"Бірлік» шағын ауданына жақын маңдағы тоғай арасынан қарттың өлі денесі табылды. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ", — деп хабарлады агенттікке сұхбат беруші.
Сот медициналық сараптама анықтағандай, зейнеткер үсіп қайтыс болған.