АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбе облысының Шалқар қаласында полиция мектептен 10-сынып оқушысының мәйітін тапты, деп хабарлайды aktobetimes.kz.
"28 қараша күні сағат 9.30-да Шалқар қаласының № 8 мектебінде киім шешетін бөлмеден оныншы сынып оқушысының денесі табылды", — деп мәлімдеді құқық қорғаушылар.
Басылым жазғандай, жасөспірімнің өлімін Шалқар ауданының білім бөлімі де растаған.
"Сол күні мектепте саллтанатты шара болуы керек еді. Дайындық кезінде оқушы Жылқыбай өзін жайсыз сезінді. Киім шешетін бөлмеде ол есінен танып құлады. Қасында медбике болған, алғашқы көмек көрсетті. Жедел жәрдем шақырдық. Бірақ дәрігерлер келгенше оқушының жүрек талмасы ұстады. Қайтыс болды", — деді аудандық білім бөлімінің қызметкері.
Жылқыбай өте тәртіпті, ұқыпты оқушы болған.
"Өте жақсы бала еді, бірақ тұйық болатын. Бәрін ішінде сақтайтын, шамасы сол кесірін тигізді. Жақында ата-анасы ажырасқан еді. Ол әкесімен бірге қалды, ал анасы қалған балаларын ертіп кетіп қалды. Бала да мұны көтере алмаған", — деп мәлімдеді білім бөліміндегілер.