Қоғам

Президент өмірлік жарды қалай табу керек екенін айтты

© Photo : pixabay/TakmeomeoҚыз бен жігіт
Қыз бен жігіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаевтың пікірінше, екі жастың көздегені бір болса, онда істері алға басады

АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының қатысушыларымен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өмірлік жарды қайдан іздеу керектігін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев: Қазақстан да өзінің "фишкасын" табуы керек

"Қазір жігіттер қызбен танысқысы келсе, дискотекаға барады. Даңғаза музыкадан бір-біріңді естімейсің. Айғайлап сөйлеуге тура келеді. Қай салаға қызығушылық танытсаң, сол саладағы қызбен танысу керек. Егер екі адам бірге бір мақсатты көздесе – онда істері алға басады", — деді Елбасы.

Осы орайда президент ер адамдарға кеңес берді.

"Біз де мінезімізді өзгертуіміз қажет. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық әйелге қатысты болатынын үнемі айтамыз. Әлі күнге дейін кейбір елде әйелдердің құқығы жоқ. Бірақ әлем басқаша дамып жатыр. Неге батыста ерлер мен әйелдер отбасын кеш құрады? Себебі, әйел тәуелсіз болуды қалайды, қаржы жағынан күйеуіне тәуелді болғысы келмейді. Олар мансап қуып болған соң, отбасын құрады. Екеуі де қабілетті, екеуі де өздері өмір сүре алады", — деді Мемлекет басшысы.

Жаңалықтар
0