Қоғам

Назарбаев: бай адамдарды көпшілік жақтырмайды

© Sputnik / Болат ШайхиновДизайнерлік костюм киген ер адам
Дизайнерлік костюм киген ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы бай және талантты адамдарға жұрттың көзқарасы қандай болатынын айтты

АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев "100 жаңа есім" жеңімпаздарымен кездесуі барысында көпшіліктің бай және талантты адамдарға қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Музыканттар - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Президент ұйықтар алдында кімнің музыкасын тыңдайтынын айтты

"Сіздердің жолдарыңыз ауыр. Көбісі бай адамдарды жақтырмайды. "Мен де ол сияқты бай боламын" деп еліктеудің орнына оларды жек көреді. Таланттарды қудалайды. Себебі, олар талантымен көзге түсті, басқалардың ортасында ерекшеленді", — дейді Елбасы. 

Назарбаев "100 жаңа есім" жобасының жеңімпаздарын батырға теңеді.

"Данышпандарды өлтіре салады. Мысалы, Коперникті өртеп жіберді, ал Леонардо да Винчи қудаланды. Сондықтан талантты және данышпан адамдарға жетістікке жету өте қиын. Бір жағынан, сендер енді батырсыңдар", — деді мемлекет басшысы.


Жаңалықтар
0