АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұйықтар алдында австриялық композитор Вольфганг Амадей Моцарттың шығармасын тыңдайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Елбасы "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпаздарымен кездесу өткізуде. Аталған жоба елдің дамуына елеулі үлес қосқан талантты жандарды танытуды мақсат етеді.
Форум барысында жас қазақстандық музыкант Рахат-Би Әбдісағын президент үшін өз туындысын орындады.
"Бұл шығарманы мен 13 жасымда жазған едім. Мұны жай ақпарат үшін айтым отырмын", — деді Әбдісағын.
"Әдетте мен ұйықтар алдында Моцартты тыңдаймын. Маған ұнайды, адамды тыныштандырады. Оған аспаннан, ғарыштан тылсым күш келген сияқты болып көрінеді. Мұндай музыка жай ғана пайда бола салмайды ғой, солай емес пе?! Сенікі сияқты. Енді мен сені тыңдайтын боламын", — деді Назарбаев сазгерге.