Өңірлер

Рудныйда 10 жасар қыз педофилден жәбір көрді

© Sputnik / Табылды Кадырбековқыз бала
қыз бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция күдіктіні анықтап, ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Қостанай облысы Рудный қаласында 10 жасар қызды жәбірлеген белгісіз ер адам іздестіріліп жатыр, деп жазады alau.kz.

29 қараша болған оқиға туралы жәбір көрген қыздың анасы полицияға хабарлаған. 

Бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Таразда педофил бес жыл бойы досының қыздарын қорлаған

"Сағат 16.00 шамасында Рудный қаласының ішкі істер басқармасына 41 жастағы қала тұрғынынан хабарлама келіп түсті Ол 10 жасар қызын жәбірлеген белгісіз ер адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады", — деп хабарлады Қостанай облысы ішкі істер департаментінен. 

Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде кәмелеттік жасқа толмаған балаға сексуалдық сипаттағы зорлық әрекет көрсету бабы бойынша тіркелді.

Полиция қазір күдіктіні анықтап, ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. 

 

Жаңалықтар
0