Қоғам

Қырғызстандықтар Назарбаевқа жазған хаттарында Атамбаевтың сөзі үшін кешірім сұраған

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көрші елдің тұрғындары хаттарда өздерінің бұрынғы басшыларын айыптап, Қазақстан президентіне алғыс білдірген

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Қазақстан президенті әкімшілігінің жалпы бөлім меңгерушісі Мірболат Жақыпов "Казахстанская правдаға" берген сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевқа Қырғызстаннан көптеген хат келгенін айтты.   

Жақыповтың сөзіне қарағанда, көрші елдің азаматтары Қазақстан басшысына қолдау көрсетіп, көмектескені үшін алғыс білдірген.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев (сол жақта) пен Қазақстан президенті  Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Әлем
Атамбаев: Назарбаев мені ешқашан кешірмейтінін білдім
"Ош облысының тұрғыны А.Коргонбаев өз хатында 1996 жылы тұңғыш ұлының атын Нұрсұлтан деп қойғанын атап өтіпті. Қырғызстанның қарапайым халқы Сізді жақсы көреді және құрмет тұтады дейді ол. Ал Бішкек тұрғыны Ж.Нарын "Атамбаев қазақ және қырғыз халқының алдында кешірім сұрауы керек" деп есептейді. Кей авторлар елдің экс-президенті үшін өздері кешірім сұраған", — деді Жақыпов.

Қазақстан мен Қырғызстанның қарым-қатынасы Қырғызстандағы президент сайлауы науқаны кезінде қазан айының басында шиеленісті.  Алмазбек Атамбаев Қазақстанды сайлауалды науқанға араласты деп айыптады.  

Алмазбек Атамбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Атамбаев Қазақстан тарапынан айтылып жатқан сыннан рақаттанатынын айтты
Қазақстан осы жағдайдан кейін "заңсы импортпен" күресу үшін Қырғызстанмен шекарадағы бақылауды күшейтті.  

Мірболат Жақыпов Назарбаевқа жазылған хаттардың арасында Қырғызстанның бұрынғы басшысының ұстанымын айыптаған авторлар бар екенін атап өтті.  

Президент әкімшілігіне жылына 20 мыңға жуық хат түседі. 

Мемлекет басшысына Алматы және Астана қалалары, Оңтүстік |Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарының тұрғындары жиі жүгінеді.   

Жақыпов кейбір шетелдік коллекционерлер Нұрсұлтан Назарбаевтың қолтаңбасын жіберуді сұрайтынын айта кетті. 


Жаңалықтар
0