Қоғам

Депутат: бізге халықаралық деңгейде мойындалған теологтар қажет

Жазылу
Мәулен Әшімбаев ислам әлемінде танылған 25-30 теолог дайындау қажеттігін айтты

АСТАНА, 29 қараша — Sputnik. Бізге дінтанушылармен қатар, исламтанумен кәсіби тұрғыда айналысатын, халықаралық деңгейде мойындалған теологтар қажет. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Қазақстан дінтанушыларының VII форумында ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұрлан Ермекбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр: мемлекеттік БАҚ-тың мемлекет саясатын сынауға моральдық құқығы жоқ

Мәжілісмен дін саласындағы түйткілді мәселелерді шешуде кадр дайындау жұмысы маңызды орын алатынын атап өтті.

"Бізге дінтанушылармен қатар теологтар қажет. Исламтанумен кәсіби тұрғыда айналысатын адамдар керек. Меніңше, біз халықаралық деңгейде, ислам әлемінде мойындалған 25-30 теолог дайындап шығаруымыз қажет. Мысырда, Сауд Арабиясында, басқа да араб елдерінде танылған теологтар болғаны дұрыс. Бірақ олар мемлекеттің құндылықтарын құрмейттейтін, өз елінің патриоттары болуы тиіс", — дейді Әшімбаев.

Депутат ислам әлеміне сөз өтетін халықаралық деңгейдегі мамандарды дайындау үшін кешенді бағдарлама қажет екенін айтты.

"Олар әлемнің үздік оқу орнында оқып, тағлымдамадан өтуі тиіс. Теологиялық зерттеулер жазуы үшін оларға грант бөлу мүмкіндігі қарастырылуы керек. Қазанда, Ташкентте, Таяу Шығыстың басқа да елдерінде тәжірибеден өтуі тиіс. Бүкіл ислам әлеміне ықпал ете алатын, интерпретация жасап, ой-пікірін білдіре алатын теологтар дайындауымыз керек. Әрине, бұл зор міндет, алайда министрлік, ҚМДБ, басқа да құзырлы органдар күш-жігерін ортақ іске жұмылдырса, бірлесіп жүзеге асыруға болады", — деді Әшімбаев.

Жаңалықтар
0