Қоғам

Министр: мемлекеттік БАҚ-тың мемлекет саясатын сынауға моральдық құқығы жоқ

Жазылу
Нұрлан Ермекбаев бірқатар шет мемлекетте дін тақырыбы аз талқыланатынын айтты

АСТАНА, 29 қараша — Sputnik. Мемлекеттен қаржылай қолдау алатын БАҚ-тың мемлекеттік саясатты сынауға моральдық құқығы жоқ, деп санайды дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев. Ведомство басшысы БАҚ-тың жұмысына қатысты ойын Астанада өткен Қазақстан дінтанушыларының VII форумында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Мешіт - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ермекбаев дін мәселесінде қандай сын-қатерлер тұрғанын айтты

"Кейбір жеке сарапшылар мен азаматтық қызметшілердің мемлекеттің дін саласындағы жұмысына БАҚ-та сын айту фактілері байқалады. Немесе әлеуметтік желілерде билік органдары туралы теріс пікір қалыптастырады. Сіздердің көпшілік алдындағы ұстанымдарыңыз мемлекет мүддесін қолдауға бағытталуы тиіс. Мысалы, мемлекет қаржыландыратын БАҚ-та мемлекеттік саясатқа қайшы келетін ақпараттық материалдарды жариялау фактілері де кездеседі. Егер жұртты таңғалдыруды қалайтын жекеменшік БАҚ болса, онда түсінуге болады. Ал мемлекеттен қаржылай қолдау алатын БАҚ-тың мемлекеттік саясатты сынауға этикалық тұрғыдан моралдық құқығы жоқ деп ойлаймын", — дейді министр.

Осы тұста Ермекбаев діни саясатты нәтижелі жүргізіп келе жатқан шет мемлекеттерге тоқталды. 

"Мәселен, бірқатар шет елде, Бірікккен Араб Әмірліктері, Түркия болсын осы мәселе төңірегінде керексіз құмарлықты өрбітпеу үшін дін тақырыбын аз талқылауға тырысады. Бүгінгі таңда көптеген шетелдік сарапшылар діни экстремизм мен радикализм тақырыбы БАҚ-та неғұрлым аз көтерілсе, соғұрлым жақсы деген пайымға келіп отыр", — деді ол. 

Жаңалықтар
0