Қоғам

Дариға Назарбаева Тұңғыш президент күнін қалай тойлау керек екенін айтты

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев пен Дариға Назарбаева
Нұрсұлтан Назарбаев пен Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дариға Назарбаева Тұңғыш президент күні отбасымен таза ауаға шығып, демалуға кеңес берді

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Парламент сенатының депутаты Дариға Назарбаева қазақстандықтарға Тұңғыш президент күнін отбасымен бірге табиғат аясында атап өтуге кеңес берді.

Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Саясат
Дариға Назарбаева: Елбасы - ең үлкен құрметке лайық адам

Тілшілер бейсенбі күні Назарбаевадан мейрамды қалай тойлайтынын және қалай атап өтуге кеңес беретінін сұрады.

"Отбасымен бірге табиғат аясында атап өту керек. Биыл ауа райы тамаша, тіпті Астанада да күз ерекше жылы, бәріңіз байқаған боларсыздар. Қар әлі аз. Ауа райы бізді еркелетіп жүр. Балықшылар өзеннің қатуын асыға күткен секілді, мұз онша қалың болмаса да, қаумалап, балық аулап жатады. Балықшылар қауіпке бас тігіп жүргенін айтқанымыз жөн", — деді Назарбаева.

Сенатордың айтуынша, бала-шаға, жақын-жуығыңмен бірге табиғатта көбірек демалған дұрыс. 

"Бұл шынымен де бойыңыздағы қуатты арттырып, көңілкүйіңізді көтереді. Оның үстіне, оттегі жетіспей жүретіні де рас. Табиғат аясында күніне неше сағат боласыз? Сол себепті осы мүмкіндікті пайдаланып, отбасылық қарым-қатынасыңыз бен денсаулығыңызды нығайтыңыз", — деп кеңес берді сенатор.

Сөз соңында Дариға Назарбаева қазақстандықтарды алда келе жатқан мерекемен құттықтады.

Жаңалықтар
0