Саясат

Дариға Назарбаева: Елбасы - ең үлкен құрметке лайық адам

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуДариға Назарбаева
Дариға Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Алматыдағы басты көшелердің біріне президенттің есімін беру туралы бастаманы дұрыс деп есептейтінін айтты

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Сенат депутаты Дариға Назарбаева Алматыдағы Фурманов көшесінің Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгеруіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Алматы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда Фурманов көшесінің атауы Назарбаев даңғылы болып өзгертіледі

"Мен бұл жаңалықты жаңа ғана естідім. "Төменнен" ұсынылған бастама болса керек. Түрлі себептер бойынша бұл сұраққа маған объективті жауап беру қиын. Бірақ еліміздің азаматы ретінде, 25 жылдағы жетістіктерімізді мақтан тұтатын азамат ретінде бұл шешімді дұрыс деп есептеймін. Бүгінгі бейбіт, тыныш өміріміз үшін біздің көшбасшымыз үлкен құрметке лайық", — деді Назарбаева журналистердің сұрағына жауап бере отырып. 

Ол Қазақстанның экономикалық және саяси жүйесі өте күрделі дағдарыстарға төтеп бергенін атап өтті. Бұл 25 жылда өңірде көшбасшы болып табылатын тұрақты, мықты, қуатты мемлекет құра білдік деген сөз, деді Назарбаева. 

"Барлығымыз білетіндей, біздің президент жаһандық деңгейдегі адам, оның антиядролық және халықаралық терроризмге қарсы жаһандық бастамалары көпшілікке мәлім. Барлық жағынан сараптап, әділ және объективті түрде айтатын болсақ, мемлекет басшысы ең жоғары құрметке лайық, ол тарихта қалатын адам",  — деді сенатор.  

Айта кетсек, бейсенбі Алматы мәслихатының сессиясында Фурманов көшесінің атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Қала әкімі Бауыржан Байбек зиялы қауым, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қала тұрғындары, әсіресе жастардан Назарбаевтың есімін мегаполистегі негізгі көшелердің біріне беру туралы ұсыныс көп түскенін атап өтті. 

 

 

Жаңалықтар
0