Өңірлер

Оралдықтар газ жарылысынан зардап шеккен әйелді емдеуге қаражат жинап жатыр

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейде ем алу үшін бес миллион теңге қаражат керек екен

АСТАНА, 29 қараша — Sputnik. Орал тұрғындары үйдегі газ жарылуынан зардап шеккен 37 жастағы Әселім Нығметованы емдеу үшін екі миллион теңге аударды, деп хабарлайды "Уральская неделя" басылымы.

Оқиға 18 қарашада Зачаганск ауылында болған. Әйел жүктіліктің 31 аптасында жазатайым оқиға салдарынан сәбиінен айырылды.

газ баллондары, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оралда газ жарылып, жүкті әйел ауыр күйік жарақатын алды

Қазір Әселім Нығметова Самарада емделіп жатыр.

"Самара мамандарының айтуынша, терісінің 90%-ы күйген. 40%-ға жуық терең күйік алған. Ішкі органдары зиян шекпеген, денесінде сынық жоқ", — дейді зардап шегушінің туысы Ерлан Нығметов.

Қазір Әселім зонд арқылы тамақтанып, кислород аппаратымен демалып жатыр, тілдесуге тырысады. Жансақтау бөлмесінде жарақаты тезірек жазылу үшін үнемі ауа циркуляциясы жүріп тұрады.

Әйелдің іште шетінеп кеткен нәрестесінен бөлек, екі ұлы бар.

"Ұлдар анасын ойлап, қатты уайымдап жүр. Ұялы телефонға видео-сәлемдеме жазып жіберіпті, жұбайы Әселімге көрсетті. Үш рет көріп, көзіне жас алды", — дейді Ерлан Нығметов.

Әселім Нығметованы емдеуге кем дегенде бір жыл кетеді, қаражатты бөліп төлемек. Бірінші бөлігі – 100 мың рублді туыстары төлеп қойған.

Зардап шеккен әйелге көмектескісі келген жандардың өтінішімен туыстары ақша аударуға реквизиттерді жариялаған екен.

Қазір Әселімнің шотына 2 миллион теңгеден астам аударылған. Қаражат жинау әлі де жалғасып жатыр. 

Ниет білдірушілер әйелдің туыстарына хабарласа алады:  8 707 404 12 80, 8 775 236 92 56.

Жаңалықтар
0