АСТАНА, 19 қараша — Sputnik. Оралда жер үйлердің бірінде газдың жарылуынан шыққан өрттен жүкті келіншек ауыр күйік жарақатын алды, деп хабарлайды "Уральская неделя" БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"18 қарашада таңертең Зачаганск ауылында Бөкенбай көшесіндегі жер үйлерің бірінде газ жарылып, салдарынан үйдің төбесі құлайды. Өрт орнынан облыстық ауруханаға 37 жастағы жүкті әйел жеткізілді", — деп хабарлады департамент өкілдері.
Әйел денесінің 85 пайызы күйіп қалған. Жүктілік мерзімі — 31 апта. Зардап шеккен келіншек ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.
"Баланың жүрек қағысы қалыпты. Ал зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр", — деді емдеу мекемесінің директоры Ерлан Тоқсанов.