Әлем

Путин спорт пен спирт арасындағы айырмашылықты түсіндірді

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуВладимир Путин
Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей президенті өз табысының құпиясымен бөлісті

Астана, 29 қараша — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин қауырт жұмысына қарамастан, өзін жақсы сезінетінін айтып, оның құпиясымен де бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Беларусь. 

Ресей президенті бүгін "Мәскеу-Киев" теміржол станциясындағы жөндеу депосында болып, жұмысшылармен сөйлесті. 

"Спорт деген сөз бар. Спиртпен шатастырмаңдар. Бір ғана әріп басқаша, ал шындығында екеуінің арасындағы айырмашылық өте үлкен. Құпияларымның бірі осы", — деді теміржолшылардың сұрағына жауап берген Путин.

Александр Лукашенко - Sputnik Қазақстан
Саясат
Лукашенко: жер шарында Ресей, Беларусь және Қазақстаннан жақын ел жоқ

Президент өз жұмысын жақсы көріп, адал істейтін адамның басқаларға да пайда әкелетінін айтты. 

"Кез келген істе егер адамның жұмысы көңілінен шығып, одан рақаттанса, алдына мақсат қойып, соған ұмтылса, ол өзіне ғана емес, басқа адамдарға да пайдалы болады. Бұл әрі қарай тынбай еңбектеніп, игі істер жасауға ынталандырады", — деді Путин. 

Ресей президентінің салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен белсенді түрде шұғылданатыны белгілі. Ол 11 жастан бастап шығыс жекпе-жегімен айналысады, Путин  — дзюдо мен самбодан спорт шебері. Бұдан бөлек, ол шаңғы теуіп, хоккей ойнайды. 


Жаңалықтар
0