АСТАНА, 29 қараша — Sputnik. Қостанайда буындырылып өлтірілген 22 жастағы бойжеткеннің мәйіті табылды. Ақпаратты қала прокурорының орынбасары Мұрат Оспанов растады, деп хабарлайды alau.kz.
Полицияға мәйіт табылғаны туралы марқұмның құрбысы хабарлаған.
"Әйел пәтерден 22 жастағы құрбысының денесін тапқанын мәлімдеді. Оқиға орнына Қостанай ІІБ жедел тергеу тобы аттанды. Бойжеткеннің денесінде күштеп өлтіру белгілері болды. Болжам бойынша ол жоғарғы тыныс алу жолдарының механикалық асфиксиясынан өлген. Басқа жарақат ізі жоқ", — деді Оспанов.
Аталған фактіге қатысты "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бойжеткенді өлтірді деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды.