АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Қостанай облысында іздеу салынған әйел адамның өлі денесі табылды, деп хабарлайды "Алау" телеарнасының сайты.
4 қазан күні 42 жасар Ольга Горбунова Байбек елді мекеніндегі үйінен шығып кетеді. Бүгінгі күнге дейін ол туралы ешқандай ақпарат болмаған еді.
Жоғалған әйелдің әпкесі хабарлағандай, оны денесі 14 қазан күні үйінен екі шақырым жердегі батпақтан табылды. Оның өліміне қатысты ақпараттар әзірге белгісіз. Ольга Горбунованың артында ұлы мен қызы қалды.