АСТАНА, 14 қазан — Sputnik. Алматы облысының полицейлері үйінен қашқан екі жасөспірімді тауып алып, ата-аналарына қайтады, деп хабарлайды аймақтық ІІД баспасөз қызметі.
Кәмелетке толмаған жеткіншектер Еңбекші қазақ ауданы Шелек ауылында тұрады. Қыркүйек айының соңында 16 жасар жасөспірім бала жоғалып кетсе, 17 жасар бойжеткен қызға қазан айының басынан бері іздеу салынды.
"Екі жасөспірім де жағдайы төмен отбасында тұратыны және олар бұған дейін де бірнеше рет үйлерінен қашып кетіп жүргендері анықталды. Еңбекші қазақ АІІД полиция қызметкерлері жоғалған кәмелетке толмаған жасөспірімдерді Алматы қаласынан тауып алады. Олар көшеде жүрген. Бозбала автовокзал маңынан, ал бойжеткен қыз базардан табылды", — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Полицейлер жасөспірімдер мен олардың ата-аналарымен профилактикалық шарада әңгіме өткізді. Екі жасөспірімнің отбасы да ювеналды полиция тарапынан бақылауға алынды.