Спорт

Майк Тайсон: анам маскүнем, әкем сутенер болды

© AP Photo / Nikita BassovМайк Тайсон
Майк Тайсон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атақты боксшы балалық шағында көп қиыншылық көргенін айтты

АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Әйгілі америкалық боксшы Майк Тайсон Synergy Global Forum форумында балалық шағы, алғашқы жекпе-жегі және отбасылық өмірі туралы әңгімеледі, деп хабарлайды rsport.ria.ru.

"Мен Американың ең кедей ауданында туып-өстім. Өмірім өте күрделі болды. Анам маскүнем, ал әкем сутенер болатын. Дұрыс тәрбие көрмегендіктен, ақыр соңында заңмен де проблемалар болды",- дейді ол.

Алайда боксшының өмірі, оның айтуынша, Касс Д'Аматомен (Тайсонның алғашқы бапкері) танысқаннан кейн түбегейлі өзгерген. Ол кезде болашақ жұлдыз небәрі 13 жаста болатын.

Геннадий Головкин (сол жақта) мен  Абель Санчес (оң жақта) Канело Альвареспен жекпе-жек алдындағы ашық жаттығу кезінде - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

"Ол мені жұдырықтасуға үйретті, осы сәттен бастап өмірім өзгерді", — дейді Тайсон. 

"Жасым он бесте болатын. Әлем чемпионы болуды армандайтын едім. Бұл менің алғашқы арманым еді. Бұған дейін менде ешқандай арман болған емес", — дейді боксшы. 

Тайсонның айтуынша, ол жас кезінде ешкіммен төбелеспеген. Алғаш рет  тордағы көгершіндерін ұрлап кеткен жігіттерге жұдырық ала жүгіріпті. 

"Ең алғаш рет сол кезде көшеде төбелестім", — деп еске алды боксшы. 

Әңгіме барысында Тайсон әуесқой рингтегі алғашқы жекпе-жегіне де тоқталды. 

"Бұл бір сұмдық оқиға болды. Мен қарсыласымды ұрып құлатып, аяғымды оның тамағына қойып "Иә!" деп айғайлап жібердім. Олай жасамауым керек еді, бірақ сол сәтте байыз таппай желігіп тұрған едім", — дейді ол. 

1986 жылы 20 жасында Тайсон суперауыр салмақ тарихында ең жас чемпион атанды.

Мейірім Нұрсұлтанов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Нұрсұлтанов Топ-100 үздік боксшылар қатарына қосылды

"Мен әрдайым суперауыр салмақта болдым,сондықтан маған рекорд орнату оңайға түсетін. Жасөспірім кезімнен бері денем ірі еді", — дейді спортшы. 

Сонымен қатар, атақты боксшы өмірден алған сабағы мен табысқа жету құпиясымен бөлісті.

"Өмір мен рингтегі жеңістер мен жеңілістерден кейін ойға түйгенім – өз-өзіңе аяушылық танытпау керек, қапаланбай, бәрін қайтадан бастау қажет", — дейді ол. 

Боксшының пікірінше, табыстың кілті – тәртіпте. Бұдан бөлек, әр адамның оған сенетін, оны жігерлендіріп, бағыт-бағдар көрсететін жетекшісі, тәлімгері болуы керек. 

Сондай-ақ, Майк Тайсон отбасылық өмірі туралы да айтты. 

"Бұрын менің жоспарым мүлде басқа болатын, ал қазір менің басты жоспарым – отбасым және балаларым", — дейді боксшы. 

Оның айтуынша, отбасында "кім басшы?" деген мәселе туындамайды. 

"Ақшаның бәрін мен табамын, ал барлық нұсқауды әйелім береді. Кім басшы дегенді қалай түсінуге болады?!", — дейді ол.

Жаңалықтар
0