Өңірлер

Ақтауда 1967 жылы жазылған үндеу көмілген орнынан табылмады

© Photo : lada.kzПоиски капсулы с посланием будущему поколению
Поиски капсулы с посланием будущему поколению - Sputnik Қазақстан
Жазылу
1967 жылы Ақтауда 2017 жылғы ұрпаққа хат жазылып, қала орталығындағы ескерткіш астына көмілген болатын

АСТАНА, 29 қараша — Sputnik. 2017 жылғы ұрпаққа арналған "уақыт капсуласы" Ақтау орталығында көмілген болатын, алайда қаза келе орнында жоқ болып шықты, деп жазады жергілікті "Лада" басылымы.

Ақтаудағы ескерткіш тақта - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақтауда 1967 жылы жазылған үндеу оқылады

Маңғыстаулық тың игерушілер 1967 жылы капсула көміп, оны 2017 жылы 7 қарашада қазып алуды өсиет еткен. Алайда қаланың билік өкілдері мен ақсақалдар алқасы салтанатты 1 желтоқсанға қалдырып, Тұңғыш президент күніне орай өткізбек болыпты.

Капсуланы іздеуге көп уақыт кетірмеу үшін, қазба жұмысын 28 қарашада жүргізуге шешім қабылданды. Алайда капсула еш табылмай, іздеу келесі күнге жалғасты.

Бүгін 29 қарашада "Қала жолдары" ЖШС жұмысшылары ескерткіштің бетон тұғырын қазып алып, көтергенімен, 50 жыл бұрын жазылған хат сақталған капсула табылмапты.

  

© Sputnik / Борис Приходько / Медиабанкке өту2017 жылғы ұрпаққа арналған үндеу
2017 жылғы ұрпаққа арналған үндеу - Sputnik Қазақстан
1/3
2017 жылғы ұрпаққа арналған үндеу
© Photo : lada.kz2017 жылғы ұрпаққа арналған үндеу
2017 жылғы ұрпаққа арналған үндеу - Sputnik Қазақстан
2/3
2017 жылғы ұрпаққа арналған үндеу
© Photo : lada.kz2017 жылғы ұрпаққа арналған үндеуді іздеу
2017 жылғы ұрпаққа арналған үндеуді іздеу - Sputnik Қазақстан
3/3
2017 жылғы ұрпаққа арналған үндеуді іздеу
1/3
2017 жылғы ұрпаққа арналған үндеу
2/3
2017 жылғы ұрпаққа арналған үндеу
3/3
2017 жылғы ұрпаққа арналған үндеуді іздеу

Әрі қарай бұл мәселе ұйымдастыру комитеті жиналысында қаралып, шешім қабылданатын болады.

Ақтау әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Бисенғали Кенжалиевтің айтуынша, капсуланы 90-шы жылдары вандалдар ұрлаған болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0