АСТАНА, 6 қаң – Sputnik. Жер астында 50 жыл жатқан капсуланы Маңғышлақ игерушілерінің өсиетімен Ақтауда 2017 жылы 7 қарашада ашу жоспарланып отыр деп жазады "Лада" жергілікті басылым.
Ескерткіште былай деп жазылған: "2017 жылғы ұрпаққа Маңғышлақ игерушілерінен", келесі бетінде – 7 қараша 1967 жыл және "2017 жылы 7 қарашада ашылсын".
© Photo : Lada.kz Ақтаудағы болашақ ұрпаққа үндеу жолдау салтанаты
Ақтаудағы болашақ ұрпаққа үндеу жолдау салтанаты
© Photo : Lada.kz
"Капсуланы көміп қалдыру идеясын ұсынған Швеченко қалалық атқарушы комитеті болатын. Капсуланың көлемі жарты метрдей. Салтанат кезінде 2017 жылғы ұрпаққа жазылған үндеудің мәтіні оқылды. Ол туралы айтпай-ақ қояйын, адамдар ол сөздері өз құлақтарымен естігені жөн", — деп әңгімелейді капсуланы көму салтанатына қатысқан Людмила Мухортова.