Қоғам

ШҚО әкімі Семей облыс орталығы болады деген сыбысқа түсініктеме берді

© Photo : wikimapia.orgСемей
Семей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ахметовтің пікірінше, белгісіз біреулердің жалпы айтқан сөздерін тұтас бір пікірге балау дұрыс емес

АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семей қаласы облыс орталығы болады деген сөз жай сыбыс екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Биыл жазда әлеуметтік желілерде Өскемен мен Семей қалаларының мәртебесі өзгереді деген сыбыс тараған болатын. Онда Семей қаласы облыс орталығы, ал Өскемен өндірістік орталық болады делінген. 

Семей - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Даниал Ахметов Семей қаласын адам танымастай өзгертпек
"Семейге қатысты айтсам, бұл жай сөз", — деді әкім. 

Ахметовтің айтуынша, кей кездері адамдар белгісіз біреулердің жалпы айтқан сөздерін тұтас бір пікірге балап жатады. Ал бұл дұрыс емес. 

"Мәслен, бірнеше ақсақал жүгініп, қайтадан Семей облысын құру бастамасын көтерді. Бірақ, мұның экономикалық жағынан да еш қажеттілігі жоқ",- деді ол.


Жаңалықтар
0