Өңірлер

Көкшетауда "Қазпочтаны" тонаған ағайынды екі жігіт сотталды

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуСотталушыларға арналған торда отырған адамның архивтегі фотосы
Сотталушыларға арналған торда отырған адамның архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот жігіттердің үлкенін кінәлі деп тауып, мүлкін тәркілеп, үш жыл үй айға бас бостандығынан айырды

АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Көкшетауда "Қазпочта" бөлімшесіне шабуыл жасағандарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.  

Кісен, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Рудныйда дүкенді тонаған жігіт 7 минуттың ішінде ұсталды
Тергеудің мәліметінше, екі ағайынды 3 қазан күні алдын ала келісіп, бетперде киіп, Застанционный елді мекеніндегі "Қазпочта" АҚ бөлімшесіне баса көктеп кірген. Қылмыскерлер ақшаны алып, ізін жасырған.    

Тәулік ішінде күдіктілер – 24 және 29 жастағы облыс орталығының екі тұрғыны екені анықталып, ұсталды. Олардан ойыншық тапанша, киім мен ұрланған қаржы тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлімі (Қарақшылық) негізінде қылмыстық іс қозғалды.   

Сот 29 жастағы Арман Өмірәлинді кінәлі деп тауып, мүлкін тәркілей отырып, үш жыл үй айға бас бостандығынан айырды. Оның сыбайласы 24 жастағы Асанәлі Руслан үш жылға бас бостандығынан шектелді, оған пробациялық бақылау жасалады. Сотталушы тұрғылықты жерін ауыстыра алмайды. Сонымен қатар ол еркінен тыс 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады.     


Жаңалықтар
0