Әлем

Қазақстаннан шыққан жігіт Yahoo аккаунттарын бұзып кіргенін мойындады

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуХакер
Хакер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Канадалық Карим Баратовқа сот үкімі 20 ақпанда шығады деп жоспарланып отыр

АСТАНА, 29 қараша — Sputnik. Қазақстанда туып, Канада азаматтығын алған Карим Баратов Сан-Францискодағы сот тыңдауы кезінде компьютерлік айла-шарғы жасағанын мойындады, деп хабарлайды АҚШ Әділет министрлігінің сайты.   

Баратов пен тағы үш сотталушыға компьютерді бұзып кірді және Yahoo желісіндегі тіркеу жазбаларын бұзумен байланысты өзге де қылмыстарды жасады деген айып тағылды.  

Хакер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Хакерлер ЭКСПО сайтына шабуыл жасады
Бағдарламашы интернетте, әсіресе орыс тілді парақшаларда қызметтерге жарнама жасаған.  

Канадалық өзінің хакерлік әрекетін мойындап, электронды поштаның 11 000-нан астам тіркеу жазбасын бұзғанын айтты. Ол АҚШ пен Ресей дипломаттары, үкімет мүшелері, коммерциялық компаниялар мен журналистердің жеке мәліметтерін алған.  

Баратов Торонтода тұтқындалды, алайда тараптардың келісімі бойынша АҚШ-қа экстрадицияланды.  

Канадалыққа сот үкімі Сан-Францискода 20 ақпанда шығады деп жоспарланып отыр.   


Жаңалықтар
0