АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Халықаралық мамандандырылған көрменің expo2017.astana.com сайтына ірі DDos-шабуылы жексенбі күні 20 тамызда, 23:00-ден соң жасалған, деп хабарлайды "Астана ЭКСПО-2017" ҰК"АҚ баспасөз қызметі.
Компания түсіндіріп өткендей, хакерлер әртүрлі IP-мекенжайлардан сұратулар жіберіп, серверді істен шығаруға тырысқан, яғни секундына 20 мыңнан көп сұрату жіберген.
"Техникалық қызметтің өнімді жұмыс істеуінің арқасында сервердің қызметі толығымен қалпына келтірілді. DDos –шабуылы бойынша барлық ақпарат арнайы қызметтерге жіберілген", — деп түсіндірді баспасөз қызметі.