АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Алматылық Митин мен Құсайынов алты жылдан астам уақыт жалпы тәртіпті колонияда жазасын өтейді. Олар Нұрбанктегі шоттарды бұзып, 155 миллион теңге ұрлағандары үшін сотталды деп хабарлады Алматы қаласы №2 Жетісу аудандық сотының баспасөз қызметі.
"Сот үкімімен Митин мен Құсайынов ҚР ҚК 188 бабы, 4 бөлігі, 3 пунктінде қарастырылған қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылды, осы бап бойынша 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, жазаны жалпы тәртіпті түзету колониясында өтейтін болады", — делінген хабарламада.
Бас сот талқылауы кезінде сотталушылар кінәсін мойындамады. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.