АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ақшолақов Болат Оралұлы ҚР энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің сайты.
Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша — экономист.
Еңбек жолын 1994 жылы бастаған.
1997–2003 жылдары "Қазақойл" ҰК" ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары, Commonwealth & British Services Ltd. бизнес-талдаушысы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі менеджері, қаржы директоры ретінде қызмет атқарған.
2003–2006 жылдар аралығында — "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директор.
2006–2008 жылдары Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар вице-министрі болып қызмет атқарды. 2008–2011 жылдары — "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарушы директоры, "PSA" ЖШС бас директоры, "ҚазМұнайГаз"ҰК" АҚ басқарма төрағасы ретінде еңбек еткен. 2012–2014 жылдары — ҚР мұнай және газ вице-министрі.
2014 жылдың қыркүйек айынан бастап — "AlmexPetrochemical" ЖШС бас директоры. 2016 жылдың ақпан айынан бастап — "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры.
"Құрмет" орденімен марапатталған.