Өңірлер

Шығыс Қазақстанда сегізінші сынып оқушысы 4 жасар баланы зорлап тастады

CC0 / Poperopop / Бала жағалауда жүр
Бала жағалауда жүр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зорлықшы жантүршігерлік қылмысты балалар қатысқан порнофильмдерді көргеннен кейін жасаған

АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында ауыл мектептерінің бірінің сегізінші сынып оқушысы 4 жасар ұл баланы зорлағаны үшін сотталды, деп жазды Тimes.kz өңірлік Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.    

Жас қылмыскер баланы көлікке мінгіземін деп алдап әкелген. Оқушы баланы шешіндіріп, жыныстық қатынасқа түсе бастайды. Сол маңнан өтіп бара жатқан әйел баланың жан дауысы шығып жатқанын естіп, көлікке жақындап келген. Сол сәтте жасөспірім көліктен түсіп, қашып кеткен.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Оқиға
18 жасар бойжеткенді зорлап, өлтірді деген күдікпен такси жүргізушісі ұсталды
Көрші әйел баланы анасына алып келіп, болған жайтты хабарлайды. Анасы полицияға арыз жазған, сегізінші сынып оқушысы ұсталды. Ол психикалық дамуы тежелген балаларға арналған сыныпта оқитыны анықталды. Дегенмен оның ауруы күрделі болмаған, сараптама қылмыс жасалған сәтте ол өз әрекетіне жауап бергенін көрсетті.

Сотта жасөспірім интернеттен балалардың қатысуымен түсірілген порнофильмдерді көріп, осындай қылмысқа барғанын айтты.      Зорлықшы өз кінәсін мойындап, өкініш білдірді.   

Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4- бөлімінде қарастырылған қылмысты жасады деп танып, 7,5 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза белгіледі.  

Сотталушы зардап шегушінің отбасына 700 000 теңге моральдық өтемақы төлейді. 


Жаңалықтар
0