АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Петропавлда теміржол өткелінде тепловоз бен тіркемесі бар жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы".
Жол апаты 26 қараша жексенбі күні сағат түнгі 00:57-де болған.
"МАЗ көлігінің жүргізушісі жол жүру ережесін бұзғандықтан, теміржол өткелінде тепловозбен соқтығысқан", — деп хабарлайды ұлттық компания.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апатына ұшыраған тепловоз сағатына он шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатқан, соқтығысу салдарынан теміржолдан шығып кеткен. Тіркемесі бар жүк көлігі бір қырына аударылыпты.
Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
ҚТЖ түсіндіріп өткендей, тепловоз "Ресей темір жолдарының" меншігі болып саналады және Петропавлск станциясын РТЖ басқарады.

Петропавлда жүк көлігі тепловозбен соқтығысты

Петропавлда жүк көлігі тепловозбен соқтығысты
Петропавлда жүк көлігі тепловозбен соқтығысты
Петропавлда жүк көлігі тепловозбен соқтығысты

