АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. "Барыс" елордалық хоккей клубы Құрылықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында питерлік СКА-дан 1:9 есебімен ұтылды.
ҚХЛ көшбасшысы әрі Гагарин Кубогының екі дүркін иегеріне қарсы матч Санкт-Петербург мұз айдынында дүйсенбі күні кешке өткен болатын.
"Чемпионға барынша қарсыласып, жақсы хоккей көрсетуге тырыстық. Қазір қолымыздан бәрі келіп жатқан жоқ. Екінші голды есептемей қойған соң, ойынның сол жерде біткені ешкімге құпия емес шығар. Айтпақшы, осымен үшінші матч: Новосібірде, Қазанда және бүгін екі шайбаны есептемей қойды", — деп пікір білдірді "Барыс" бас бапкері Евгений Корешков ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында.
"Барыс" келесі матчты сәрсенбі күні "Локомотивке" қарсы өткізеді.