Қоғам

Елбасы: Мұзафар Әлімбаевтың есімін халқымыз әрдайым жадында сақтайды

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев кеше 94 жасында дүниеден өтті

АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мұзафар Әлімбаевтың қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы көрнекті ақын, Ұлы Отан соғысының ардагері Мұзафар Әлімбаевтың дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Жеделхатта Мұзафар Әлімбаевтың қазақ әдебиетін дамытуға және Қазақстанның өскелең ұрпағын тәрбиелеуге баға жетпес үлес қосқаны атап өтілген.

Мұзафар Әлімбаев дүниеден өтті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақ халқы сәрсенбіде Мұзафар Әлімбаевты ақтық сапарға шығарып салады
«Кеңестік кезеңде ол қазақ әдебиетінің алыптарымен қанаттаса жүріп, Отан игілігі жолында жемісті еңбек етті. Көптеген жыр жинақтары мен ән мәтіндерінің авторы атанды. Отыз жылға жуық балалардың сүйікті «Балдырған» журналының редакторы болып, ана тіліміздің дамуына және бүлдіршіндеріміздің дұрыс тәлім-тәрбие алуына лайықты үлес қосты. Қалың жұртшылық үшін оның халқымыздың мақал-мәтелдерін жинақтап, зерттеудегі еңбегінің маңызы зор. Ол жұрт әрдайым айтып жүретін көптеген қанатты сөздер мен сөз тіркестерін өмірге әкелді.

Мұзафар Әлімбаевтың есімі мен еңбегін халқымыз әрдайым жадында сақтайды деп сенемін», – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, Мұзафар Әлімбаев 26 қараша күні 95 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.  


Жаңалықтар
0