Әлем

Түркия президенті кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге уәде берді

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуТүркия президенті Режеп Тайып Ердоған
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ердоғанға сыбайлас жемқорлық жасады деген айып тағылып отыр

АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Оппозициялық халық-республикалық партиясының көшбасшысы Кемаль Кылычдароглу Түркия мемлекет басшысына сыбайлас жемқорлық жасады және шетелдік банкте есепшоты бар деген айып тағып отыр. Режеп Тайып Ердоған кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге уәде берді, деп хабарлайды russian.rt.com.

Алтын - Sputnik Қазақстан
Әлем
Түркия үкіметі халықтан алтындарын банкке өткізуді сұрады

"Ол (Кылычдароглу. — RT) мен және менің отбасым туралы өтірік айтып отыр, қарапайым дәлел де келтірмеді. Ердоғанның шетелдік банкте есепшоты бар екенін дәлелдесін, егер дәлелдей алмаса – саясаттан кетсін. Ал егер  дәлелдесе – мен президент тағынан кетемін", — деп мәлімдеді түрік лидері NTV телеарнасының эфирінде.

Бұған дейін Түркия президентінің басқарушы әділет және даму партиясындағы бас кеңесшісі Шабан Дишли отставкаға кеткен еді. Саясаткер Ердоғанға зиян тигізбес үшін осындай шешім қабылдағанын айтты.

Жаңалықтар
0