Қоғам

Еліміздің оңтүстігінде көктайғақ болып, бұрқасындатады

© Sputnik / Сергей Красноухов / Медиабанкке өтуКүшті бұрқасын, архивтегі фото
Күшті бұрқасын, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның тоғыз облысында тұман түсіп, жел күшейеді

АСТАНА, 26 қараша — Sputnik. Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа күшейеді, оңтүстікте бұрқасындатады, деп хабарлайды "Қазгидромет". 

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с жетеді. 

Тұман - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман түседі, Жалаңашкөл аумағында жел 18-23 м/с күшейеді. 

Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді, Оңтүстік Қазақстан облысында бұрқасын болады. 

Ақмола, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. 

Қарағанды облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.              


Жаңалықтар
0