АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері оңтүстік облыстарда ауа райы жауын-шашынды, тұман түседі.
"Циклон және онымен байланысты атмосфералық ағымдардың ықпалынан оңтүстік облыстарда ауа райы жауын-шашынды. Жаңбырдың соңы қарға ұласып, тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда", — делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Республиканың қалған аумағында жоғары атмосфералық қысымның әсерінен тұман түседі, жекелеген аудандарда аздаған қар жауады. Ауа температурасы төмендейді, бірақ климаттық нормадан 3…6 градусқа жоғары болады.