АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Антициклонның ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, батыс, солтүстік-батыс пен оңтүстікте ғана жауын-шашын жауады, деп хабарлады Қазгидромет.
Алматы облысы, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні — 15-20, ұйытқуы — 25 м/с.
Жамбыл, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні — 15-20 м/с.
Оңтүстік Қазақстан облысында, күндіз Қызылорда облыстарында желдің екпіні — 15-20 м/с.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар облысында, түнде және таңертең Атырау облысында кей жерлерде тұман.