АСТАНА, 25 қараша — Sputnik. Мысырда Синайдың солтүстігінде болған теракті құрбандарының саны 305 адам болды, деп хабарлайды РИА Новости жергілікті БАҚ көзіне сілтеме жасап.
Олардың ішінде 27 бала қаза тауыпты, тағы 128 адам зардап шеккен.
Эр-Роуд мешітіндегі теракт 24 қараша күні жұма намазы кезінде болған. Лаңкестер әуелі мешітті жарып жібереді де, қорқып далаға қашқандарға екінші топ оқ жаудырады.