Әлем

Террористер жұма намазы кезінде мешітті жарып жіберді

© AFP 2024 / StringerМысырдағы полиция қызметкері, архивтегі фото
Мысырдағы полиция қызметкері, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыстан 54 адам қаза болып, 75-сі жарақат алған

АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Мысырда Синай түбегінің солтүстігіндегі эль-Ариш қаласына жақын маңдағы мешітте жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды РИА Новости "Йоум7" басылымына сілтеме жасап. 

Ереванда тонаушылар банкоматтарды жарып жіберді - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ереванда тонаушылар банкоматтарды жарып жіберді
Алдын ала ақпарат бойынша, террористер жарылғыш құрылғыны адамдар мешітте жұма намазын оқып жатқан кезде іске қосқан 

МЕНА агенттігінің мәліметінше, жарылыстан 54 адам қаза болып, 75-сі жарақат алған. Ал  Nile News телеарнасы 150 адам зардап шеккенін, оның ішінде балалар көп екенін хабарлады.   

Террористер мешітке баса-көктеп кіріп, бомбаны жарып жіберген. Содан кейін қашып шыққан адамдарға оқ жаудырған.  

Кей мәліметтер бойынша, террористер жаралыларды тасымалдаған жедел жәрдем көлігіне де оқ жаудырған.  

Күш құрылымдары аумақты қоршауға алды. Қылмыскерлер іздестіріліп жатыр.  


Жаңалықтар
0