Оқиға

Әскери бөлімшеде соққыға жығылған сарбаз хәл үстінде жатыр

© Sputnik / Табылды КадырбековӘскерилер
Әскерилер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отан алдындағы борышын өтеп жүрген 18 жастағы Дәулет Әшіровті орындықпен ұрғандықтан, басы жарылып, миы шайқалған

АСТАНА, 25 қараша — Sputnik. Ақтауда соққыға жығылған сарбаз ауруханада хәл үстінде жатыр, деп хабарлайды КТК.

"Әскерге сәуірде шақырылған. Ант қабылдауға шақырды, оған келдік.  Барлығы жақсы, еш уайымдамаңдар деп келген. Енді міне, өздерің көріп отырсыңдар ғой", - дейді жігіттің әкесі.

Жақын күндері 19 жасқа толатын сарбазға туысқандары тосын сый жасау үшін, Ақтауға келуді жоспарлап жүріпті. Енді ұлының амандығын тілеген әке, кінәлінің жауапсыз қалмауын сұрайды.

Әскерилер - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ақтауда әскерден қашып кеткен сарбаз ұсталды

"Ақтау қаласындағы 25744 әскери бөліміндегі нақты мерзімдегі әскери қызметкерлдің арасындағы орын алған оқиғаның нәтижесінде Дәулет Әшіров Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысы Қорғаныс минстрі мен бас әскери прокурордың бақылуында", — мәлімет берді Бауыржан Балықбаев, ҚР ҚК әскери полиция бас басқармасы бастығының орынбасары.

Алайда, дәрігерлер сарбаздың жағдайы ауыр екенін айтып, әзірге қандай да бір болжам жасауға асықпай отыр.

"Пациенттің жағдайы жақсы дей алмаймыз. Бас сүйек-ми зақымы және ми жарақаты бар. Қазір салыстырмалы түрде бірқалыпты дегенімізбен, жағдайы ауыр күйінде қалып отыр", — дейді Аймет Мұхаметов, Маңғыстау облыстық ауруханасы директорының орынбасары.

 

Дәулет Әшіровтің туысқандарының айтуынша, ұлдарының ант қабылдау сәтіне келгенде, әскери бөлім толықтай бейне бақылаумен жабдықталды деп сендірген екен. Алайда, сарбаздар төбелесіп жатқанда, қалайша ешкім аңғармаған деп, таңданыстарын жасырмады. "Алдағы уақытта кінәлілердің жазалап қана қоймай, жауапты тұлғалар да анықталуы тиіс" дейді олар.

Жаңалықтар
0