Қоғам

Ақтауда әскерден қашып кеткен сарбаз ұсталды

© Sputnik / Табылды КадырбековӘскерилер
Әскерилер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әскерден кетіп қалған сарбаз сегіз күннен соң Атырау қаласында табылды

АСТАНА, 21 шілде – Sputnik. Ақтауда әскери борышын өтеп жүрген сарбаз Атырау қаласында ұсталды, деп хабарлайды "Лада" жергілікті басылымы.

Сарбаз 12 шілдеде қалалық емханаға тексерілуге барғанда қашып кеткен. Ол сегіз күн өткен соң ғана табылды. Атырауда сарбазды әскери полиция қолға түсіріпті. 

Әскери қызметкер 2017 жылы Қарағанды облысынан әскерге шақырылған. Ол Ақтаудың 22-шағын ауданында орналасқан №6656 әскери бөлімшеде борышын өтеп жүрген. 


Жаңалықтар
0