Өңірлер

Павлодар облысы тұрғыны әкімді балағаттады

© AFP 2024 / Rodger BoschЕр адам
Ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адамның жергілікті әкімдікте жанжал шығаруы бірінші рет емес

АСТАНА, 25 қараша — Sputnik. Шарбақты ауылының тұрғыны аудан әкімі мен қызметкерлерін боқтады, деп хабарлайды Павлодар облыстық соты Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Портфель - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Талдықорғанда фермермен төбелескен әкім орынбасары қызметінен кетті

Сот ведомствосының ақпаратына сүйенсек,биыл 6 қазан күні таң ертең қырық сегіз жастағы жұмыссыз тұрғын Шарбақты ауылындағы әкімдікке келіп, әкім мен қызметкерлерді балағаттап, айтылған ескертулерді құлағына ілмеген, сол себепті мекеме қызметкерлері учаскелік полицейді шақыруға мәжбүр болған.

Сот отырысында жанжалқой кінәсін мойындамағанымен, сол күні Шарбақты ауылы әкімдігінде болып, еңбек өтіліне қатысты әкіммен сөзге келіп қалғанын айтқан. Бірақ әкім мен қызметкелерге боқауыз сөз айтып, ешкімге тіл тигізген жоқпын дейді.

Алайда оның сөздерін оқиға куәгерлері мен жәбірленуші теріске шығарды.

Бұл ауыл тұрғынының мемлекеттік органда шығарып отырған биылғы екінші жанжалы.

Сот оны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыпты деп танып, он бес күн қамауға алу жазасына кесті.

Жаңалықтар
0