Өңірлер

Талдықорғанда фермермен төбелескен әкім орынбасары қызметінен кетті

© Sputnik / Екатерина Штукина / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жанжалдан кейін үш ай өткен соң Асқар Тұтыбаев өз еркімен жұмыстан кетуге арыз жазған

АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Талдықорған әкімінің орынбасары Асқар Тұтыбаев кабинетінде фермер Алмас Садырбаевпен төбелескен соң қызметінен кетті. Бұл ақпаратты қалалық әкімдік баспасөз қызметі растады.

Төбелес - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Талдықорғанда қала әкімінің орынбасарымен төбелескен фермер сотталды

"14 қыркүйекте арыз берді, 15 қыркүйекте жұмыстан шығарылды. Өз еркімен", — деп мәлімет берді баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын бизнесмен Алмасбек Садырбаев әлеуметтік желіде жазба жариялап, биыл маусым айында бұрын қол қойылған құжаттарға қайта қол қоймағаны үшін Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Асқар Тұтыбаевпен төбелескенін жазған. Оқиға мемлекеттік қызметшінің кабинетінде болыпты.

Жазбасында жариялағандай, фермер ауыл шаруашылығы кооперациясы жобаларымен айналысады, жүн өткізгеннен соң 7 миллион теңге көлемінде мемлекеттік субсидия алуға тиіс болатын. Асқар Тұтыбаев өз ар-намысы мен абыройын қорғау үшін ІІМ-не арыз берген.

18 қыркүйекте Талдықорған қалалық соты Алмасбек Садырбаевты ҚР ҚК 380-бабына сай айыпты деп танып, бір жылға соттаған еді.

Жаңалықтар
0