Экономика

Ұлттық банк жаңа 500 теңгеге қатысты айтылған сынға жауап берді

© Sputnik / Болат Шайхинов500 теңге
500 теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық банк 500 теңгелік ақшадағы шағалаға қатысты пікір білдірді

АСТАНА, 25 қараша — Sputnik. Ұлттық банк жақында жаңартып, айналымға шығарған бес жүз теңге жұрттың сынына ұшыраған юболатын. Қазақстанның интернет қолданушыларының айтуынша, шағаланың суреті швейцариялық фотографтыі суретінен алыған, өйткені Уикипедиядағы шағаладан аумайды.

500 теңге - Sputnik Қазақстан
Экономика
500 теңгеде бейнеленген көгершін емес шағала болып шықты

Ұлттық банк түсіндіргендей, суретшінің жұмыс түрінің бірі – натурамен жұмыс істеу. Натура ретінде сурет Уикипедиядан да алынуы мүмкін екен.

"Натура ретінде табиғи нысан, пейзаж, адам, сурет және т.б. алынуы мүмкін. Бұл жолы Ұлттық банк дизайнері натура ретінде шағаланың суретін таңдаған. Бес жүз теңгелік ақшадағы шағаланың ұқсастығы құсты бірден танитындай етіп салу қажеттігінен туындап отыр. Суреттегі шағаланың бейнесі құстың осы түріне тән барлық қасиеттерге ие. Мұндай суреттер өте көп", — деп жауап берді банк баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанның берген сауалына.

Бұдан бөлек, баспасөз қызметі атап өткендей, банкноттағы барлық деталдер қолмен салынады, графикалық редакторлар қолданылмайды. Бұл өндіріс процесінің қажетті әрі міндетті шарты.

"Келесі кезеңде сурет гравюра сызықтарымен бейнеленеді. Гравюра – бұл нысанның көлеңкесі мен оған түскен жарықты графикалық сызықтар мен штрихтар арқылы көрсету. Оны дизайнер сандық планшетте даярлап, баспаға жіберуге дайындайды. Гравюра да қолмен жасалады. Гравюраның әр сызығы бірегей. Суретті гравюрамен бейнелеу банкнотты баспадан шығарудың ерекше тәсілдерін қолдану мақсатынан туындаған, бұл көшірме шығарудан сақтайды", — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Дизайнді жасап шығаруға кеткен қаражатқа келер болсақ, Ұлттық банк мәлімдегендей, бес жүз теңгелік банкнотты Ұлттық банк пен Банкнот фабрикасының дизайнерлер тобы даярлапты, дизайн үшін арнайы қаражат бөлінбеген.

Жаңалықтар
0