Экономика

500 теңгеде бейнеленген көгершін емес шағала болып шықты

© Sputnik / Болат Шайхинов500 теңге
500 теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа банкноттағы суреттерді жұрт ұрланған деп айыптап отыр

АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Данияр Ақышевтің қағаз ақшадан көгершін деп көрсеткені швейцариялық фотографтың шағаласы болып шыққан, деп хабарлайды КТК.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Ұлттық банк жаңа банкнотада неліктен жаңа әліпби қолданылмағанын түсіндірді
 

"Банкнотта "Қазақ елі" монументі мен ұшып бара жатқан көгершіндер бейнеленген. Келесі бетінде Каспий теңізі мен Қазақстанның картасы бар",- деп мәлімет берген еді ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев.

Алайда ақшадағы бейбітшілік құсы емес, кәдімгі шағала болып шыққан. Оның өзін біздің ақша шығарушылар швейцариялық фотографтан ұрлап алыпты. 500 теңгедегі суреттің түпнұсқасын ғаламтордан табу да қиын емес. 

"Көшірме екені анық көрініп тұр. Швейцариялық фотографтың суретін пайдалану арқылы, авторлық құқықты бұзып отыр. Тек біреу емес, 500 теңгедегі басқа 3 құс та өзгеден ұрланған. Оны ғаламтордан алып қоя салғаны сапасынан-ақ байқалады", — дейді Астана қаласының тұрғыны Кирилл Ковязин.

Ақшадағы "Мәскеу" сауда үйі де наразылық тудырды. Оның еліміз үшін тарихи құны жоқ дейді жұрт. Әрі банкнот дизайнын осылай өзгерту үшін Ұлттық банктің қанша қаржы жұмсағаны да көпті қызықтырып отыр. Ал, Ұлттық банк айтылған сынға қатысты ештеңе айтпады. Бастысы ақшадағы құс суреттері өздерінің көңілінен шығыпты. 

"Бұл "абсурд" туралы ештеңе дей алмаймын. Оған қатысты ертең түсініктеме береміз. Шағаланы сол кезде талқыларсыздар. Менің ойымша, ақшадағы құстар сүйкімді шыққан",-  дейді Ұлттық банктің басқарма басшысы Александр Терентьев.

Жаңалықтар
0